Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жас қызды өртеп жіберген күдіктілер ұсталды

Алматыда кәмелетке толмаған қыз баланы айуандықпен өлтірген екі күдікті ұсталды.

Жас қызды өртеп жіберген күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Алмалы аудандық полиция басқармасына 2005 жылы туған қыздың анасы жүгінді. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Е. есімді қыздың қайда жүргенін анықтау мақсатында тергеу тобы құрылып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар адамдарды анықтады. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктілер 17 жастағы қызды өлтіргендерін мойындаған.

«Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп, Қапшағай су қоймасына жақын жерге көміп тастаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп атап өтті департаменттен.

Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізетін болады.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.