USD
USD
USD

Жас кәсіпкер сабын шығаратын цех ашты

Атырау облысында жас кәсіпкер сабын шығаратын шағын цех ашты. 

Жас кәсіпкер сабын шығаратын цех ашты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл кәсіпті «Алтын» жеке кәсіпкерлігінің директоры Алтынбек Дүйсембиев биыл бастаған. Жас кәсіпкер Индер ауданында тұрады.

«Бүгін – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі. Осы жылдар ішінде елімізде оң өзгерістер болып, жетістіктерге қол жетті. Отандық экономиканың әр саласы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар. Осы саланы өркендетуге үлесімді қосуға бел байладым. Сөйтіп, 4 млн 700 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алдым», -дейді Алтынбек Дүйсембиев.

Оның айтуынша, сабын шығару үшін біраз ізденуіне тура келген. Шағын цех ашып, арнайы құрылғыларды сатып алған.

«Кір сабын қоспасының басым бөлігі – кәдімгі күнбағыс пен малдың іш майы. Ауылдағы фастфут дайындайтын дүңгіршектерден қайнатылған күнбағыс майын жинаймыз. Оны арнайы ыдыста қайтадан қайнатып, үлкен қазанға құямыз. Қазандағы майға қоспаларын қосып, әбден араластырамыз. Қоймалжың қоспа нығыздалып, арнайы пішінге келтіретін құрылғыға ауыстырылады. Кәдімгі кір сабын осылай дайындалады», -дейді ол.

Енді ол қайтарымсыз грант қаржысына тағы жаңа құрылғылар алуды көздеп отыр.

«Тәуелсіздіктің нәтижесінде жеке кәсібімізді қолға алдық. Мемлекет тарапынан кәсібімізді кеңейтуге қолдау көрестіліп жатыр. Бұл кәсіпкерлерді жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандырады», -дейді Алтынбек Дүйсембиев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе