USD
USD
USD

Жас ғалымдарға баспана беріледі

Елімізде жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас ғалымдарға баспана беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді оларға Үкімет тарапынан жыл сайын 200 баспана бөлінеді. Ал профессорлардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өседі. Бұл туралы Жетісу өңіріне сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Салаға алдағы 3 жылда 650 миллиард теңге бөлінеді.

Оның 6,5 млрд теңгесі ғылымды дамытуға жұмсалады. Ақысыз жұмыс атқаратын Ұлттық ғылыми кеңес мүшелеріне айлық тағайындау жайы да қарастырылып жатыр.

Министрлік өз кезегінде өңірлердегі жоғары оқу орындарын дамытуға күш салады. Ол үшін 15 өңірлік, 5 педагогикалық университет таңдалды. Соның бірі – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Ведомство басшысы университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, кітапханасы мен телестудиясын көрді. Жатақхана мәселесі де сөз болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты