USD
USD
USD

Жас ғалымдар жаңалық ашты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымдары "Bi0,1Dy0,9MnO3 құрамды висмутпен допирленген диспрозий манганитін алу жолы" атты патентке ие болды, – деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Жас ғалымдар жаңалық ашты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметінше, инновациялық өнертабыс наноқұрылымды бейорганикалық материал синтездеп алғаны үшін беріліп отыр.

Химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаевтың жетекшілігімен Жаратылыстану факультетінің оқытушылары Жанар Тұрсынова, Мөлдір Абдраймова мен Әсел Кездікбаева бірнеше жылдан бері оқу орнындағы Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибе жүргізіп келеді. Табанды еңбек пен ізденіс босқа кеткен жоқ. Ғылыми ортада мойындалды, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ғалымдар алдағы уақытта да осы тараптағы зерттеулерін жалғастыратындығын айтады. Оған университеттің материалдық-техникалық базасы толық мүмкіндік береді.

"Өнертабыс перовскит құрылымы бар жаңа қатты ерітінділерді алу технологиясына жатады және химиялық өнеркәсіпте қолданыс табады. Сонымен қатар ол спинтроника элементтерін жасау кезінде және ақпаратты жазатын магниттік тасымалдағыштардың тығыздығын арттыру үшін пайдаланылады", – дейді ғалымдар.

Баспасөз қызметінің басшысы Жандар Асанның мәліметінше, ғалымдар бұған дейін "YbBiNaFeO5 құрамды висмутты – ферритті алу жолы" атты өнертабысқа ие болған еді. Ол наноқұрылымды бейорганикалық материал.
 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park