USD
USD
USD

Жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты.

Жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Медицина саласындағы маман тапшылығын біртіндеп шешіп жатырмыз. Өңірде алғаш рет 2,5 млн теңге көлемінде көтерме төлем беру жолға қойылды. Ел бойынша ең көп төлем бізде деуге болады. Биыл осы бастама аясында 128 дәрігердің келуін күтіп отырмыз. Бюджет есебінен тар бейінді мамандық бойынша резидентурада білім алған 30 дәрігер келмекші», - деді аймақ басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, көп өтпей ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысанның құрылысы басталуы керек.

Сондай-ақ, ол өңірде қатерлі аурулардан келетін өлім жітімнің жыл санап азайып келе жатқанына назар аудартты.

«Үш жылда онкология бойынша өлім-жітім 13%-ға қанайналым жүйесі ауруларының өлімі 10%-ға, инсульт пен инфарктан көз жұматындар саны 2%-ға-, нәресте өлімі 13%-ға, туберкулезбен ауыру 37%-ға азайды. Бұл сандардың артында дәрігерлеріміздің өлшеусіз еңбегі жатыр», – деді Құмар Ақсақалов.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат