Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жас бала бірнеше көлік ұрлаған

Алматы облысының полициясы көлік ұрлап мінуді әдетке айналдырған жасөспірімді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас бала бірнеше көлік ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының тәртіп сақшылары облыс орталығында көпқабатты үйлердің ауласынан “Toyota Windom” және “Volkswagen Passat” автокөліктерінің қолды болуына қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікке ілінген бала Алматы қаласындағы Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Тамыз айының ортасында Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған “Toyota” автокөлігін белгісіз біреулер аудап кеткен болатын. Арасына алты күн салып түнде “Volkswagen Passat” көлігі де біреудің жетегінде кеткен. Аталған қылмыстарды ашу мақсатында тәжірибелі із кесушілерден құрылған топ кең ауқымды жұмыстар атқарды. Кәсіби мамандар бұлтартпас деректер жинап, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе отырып, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді Алматы қаласынан ұстады. – Ұсталған күдікті Талдықорған қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол былтыр осындай қылмыс жасағаны үшін шартты жазаға кесілген болатын. Оның Алматы қаласында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Осыған орай, қылмыстық іс материалдары Алматы қаласындағы әріптестерімізге жіберіліп, іс біріктірілді. Қолды болған көліктер Алматы қаласында табылды және тәркіленді, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Бауыржан Тілекбаев. Қылмысқа қатысы бар күдіктінің жасы ескеріле отырып, ол жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Алматы қаласының тәртіп сақшылары теріс жолға түскен бозбаланың бұдан басқа да құқық бұзушылықтарға қатыстылығын мұқият қарастыратын болады.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант