USD
USD
USD

Жас аналарды қолдау мақсатында тегін курстар өткізілді

«SHANYRAQ» Отбасы институты орталығында мамыр айынан бастап жас аналарға қолдау көрсету мақсатында массаж жасау бойынша тегін курстар ұйымдастырылды.

Жас аналарды қолдау мақсатында тегін курстар өткізілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Сонымен бірге, курста балаларға арналған массаждың ерекшелігі мен бала денсаулына әкелетін пайдасы туралы баяндалып, қыр-сыры түсіндірілді.

Лаура Кұдайбергенова- «Меруерт» оқу орталығының білікті массаж маманы. Ол 25 күн аралығында 10 ананы оқытып, 36 сағаттық курс өткізді. Курстың алғашқы түлектеріне массажист сертификаттары табысталды. Өз сәбилеріне массаж жасауды үйренген қыз-келіншектер сертификат арқылы алдағы уақытта өз кәсібін бастауына да мүмкіндік алады.

-Орталықта аналарды қолдау мақсатында түрлі тегін курстар өткізуді қолға алдық және қысқа уақыт ішінде жетістіктерге жетіп, аналардың алғыстарын алудамыз. Оқу курсынан өткен барлық аналардың өз кәсібін дамытып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», - деді «Shanyraq» орталығының меңгерушісі Абибулла Қалымбет.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек