USD
USD
USD

Жас жігіт астаналықты «Нұрай» болып алдап, 4 млн теңгесін қағып алған

Астанада интернет арқылы қала тұрғындарының бірін қыз болып алдап, 4 млн теңге алған 20 жастағы жігітке үкім шықты.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына «Нұрай» деген қыздың атымен тіркеліп, бейтаныс қыздың суреті қойылған Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған.

Кейін жәбірленушімен тілдесіп, кездесуге уәде беріп, әртүрлі сылтаулармен одан ақша сұрай бастаған.

«Қаскөйдің арам пиғылынан бейхабар жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 млн теңгеден астам қаржысын аударған.

Сот айыпталушыны ақпараттық жүйе пайдаланушысына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды», – делінген Астана прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілген.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Прокуратура өкілдері виртуалды «таныстардың» арбауына түсіп қалмау үшін сақ болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті