USD
USD
USD

«Жас сарбаз» оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие береді

Қазір ата-ана баласын әскерге жібергісі келмейді. Енді жас ұрпақтың бойына патриоттық рух дәнін сеуіп, адамгершілік мұраты биік азамат етіп тәрбиелеумен білім ұяларында ашылған «Жас сарбаз» ұйымы айналысады.

әскери-патриоттық тәрбие
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облысы бойынша 433 жалпы білім беру мектептерінде 422 «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының сыныптары мен клубы жұмыс істейді. Онда қазір 17 428 тәрбиеленуші білім алуда.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваның айтуынша, министрлік пен облыс әкімдігінің арнайы жол картасы әзірленіп, 2023 жылы облыстық бюджеттен білім саласына 2,1 миллиард теңге бөлінген. Оған 236 ауыл мектебі модификациялық кабинеттермен жабдықталса, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 150 кабинеттен тұратын 50 мектеп құралдармен жарақтандырылған. «Сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, сабақ берудің жаңа тәсілін енгізудің нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі бір жылда 62 пайыздан 64,4 пайызға өсті.

 Оқушылардың сабақтан тыс уақытта бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 433 жалпы білім беру ұйымдарындағы 4054 спорттық секциясына 153 462 оқушы спортпен айналысуда.

әскери-патриоттық тәрбие
ғаламтордан

Одан бөлек жас өрендердің бойына азаматтық белсенділік қасиетін қалыптастырып, шығармашылыққа жақын етіп тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беру мектептерінде 31010 оқушы және дебаттық қозғалыста 10352 оқушы тәрбие алады. Былтыр өткен халықаралық жарыстарда 12 оқушы, республикалық деңгейде өткен түрлі сайыстарда 150 оқушы жүлдегер атанды», – деді білім басқармасының басшысы С.Беспаева.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы