Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шәкәрім атындағы университетте Абай облысының ақсақалдарымен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

«Әділет» партиясы
Фото: «Әділет» партиясы

Астана, NEGE. Кездесуде талқыланған басты тақырыптардың бірі – жас ғалымдарды қолдау мен олардың Қазақстанда жүріп, ғылыми мансабын жақсартуға жағдай жасау мәселесі болды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Анар Фазылжан соңғы жылдары мемлекеттің ғылымға деген көзқарасы өте жақсы бағытқа бет алғанын атап өтті. Анар Фасылжан бұл сөзінің нақты бір мысалы ретінде жас ғалымдарға беріліп жатқан баспана мен өзге де қолдау шаралары туралы айтты.

«Мен ғалым-лингвиспін және бұған дейін ешқашан саяси партиялардың мүшесі болған емеспін. Алайда соңғы жылдары ғылымға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазір біздің институттағы жас ғалымдарға баспаналы болуға мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл өзгерістердің жалғасуы мен үшін маңызды. Сондықтан «Әділет» партиясына кіру туралы шешім қабылдадым», – деді Анар Фазылжан.

«Әділет» партиясының өкілдері атап өткендей, жас ғалымдарды қолдау адам капиталын дамытуға қатысты ауқымды саясаттың бір бөлігіне айналуы керек. Партия өз кезегінде ғылым саласындағы осы оң өзгерістерді жалғастырып, жас мамандарға мүмкіндік беріп, ел дамуындағы ғылымның рөлін күшейте түспек.

«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясы

Кандидаттар атап өткендей, бұл бастамалар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым, білім мен адами капиталды дамытуға қатысты курсын жалғастырып отыр. Яғни, партия өкілдері осы уақытқа дейінгі нәтижелерді жоғалтпай, жас ғалымдардың ел ішінде дамуы үшін лайықты жағдай жасау керегін алға тартты.

Кездесуде кітапхана саласы қызметкерлерінің жағдайы да сөз болды. Облыстық Абай атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі Жанар Чушекова кадр тапшылығы мен еңбекақы деңгейіне назар аударды.

Кандидаттар партияның кітапхана ісі мен кітап басып шығаруға қатысты жеке заң қабылдау туралы бастама көтеруді, сала қызметкерлерін қолдау тетіктерін жетілдіруді және кітапхана қорларын цифрландыруды жалғастыруды ұсынатынын айтты. Сайлауалды бағдарламада отандық кітап басып шығару ісін және балалар әдебиетін дамыту, қазақ тілін қолдау, кітап оқу мәдениетін насихаттау да көзделген.

«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясы Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын құруды және азаматтардан артық анықтама жинауды талап етпей, қолдау шараларын проактивті түрде тағайындауға көшуді де ұсынып отыр.

Өңірдің дамуы туралы сөз қозғаған Абай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алин Мұратқазы облыстың дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қайта құрылуынан кейінгі оң өзгерістерді атап өтті.

Ал Құрылтай депутаттығына кандидат Дихан Қамзабекұлы Семейдің тарихи тұрғыдан елдің рухани әрі зияткерлік орталықтарының бірі болып қала беретінін, ал Абай, Шәкәрім және Алаш қайраткерлерінің идеялары қоғамдық бағдарларды қалыптастыруды жалғастырып келе жатқанын жеткізді.

«Президент әділет қағидатын мемлекеттік деңгейге көтерді. Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістер осы қағидатқа негізделеді. «Әділет» партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдайды және жаңа Конституция ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл үдерісте тарихи жадыны сақтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын зиялы қауымның рөлі ерекше», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Кездесуді қорытындылаған партия төрағасы Айбек Дәдебай Абайдың идеялары мен партия құндылықтарының өзара үндестігіне тоқталды.

«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясы

Партия Абай облысының ғалымдары, мәдениет өкілдері мен ақсақалдары айтқан ұсыныстарды талдап, болашақта заңнама деңгейінде жұмысқа алмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділет» партиясы Абай облысындағы сапарының басында Абай Құнанбайұлының Семейдегі ескерткішіне гүлшоқтарын қойған еді. Кандидаттар жергілікті тұрғындармен бірге ақынның ең әдемі әні – «Көзімнің қарасы» әнін бірге шырқаған болатын.

Сондай-ақ, кандидаттар Семейде облыстың спортшыларымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл кездесуге спортшылар, жергілікті «Елімай» футбол клубының жаттықтырушылары мен футболшылары қатысқан. Кездесу кезінде бұқаралық спорт пен паралимпиадалық спортты қолдау, спорт инфрақұрылымдарын салу және ауылдан шыққан жас таланттарды қолдау мәселесі талқыланды.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Колумбия Президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

жер сілкінісі

«Құрылтайға жол» жеке бастамасы ортақ іске айналуда

Меңдібай Әлімғазинов

Маңғыстау облысында шетелдіктер жүздеген литр дизельді заңсыз әкетпек болған

дизель

Бурабайдағы отшашу: бес жұлдызды қонақүй иесі жауапқа тартылды

Ұлттық парк