USD
USD
USD

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтеріне қоныстанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Құрманғазина
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсімінде ғылымның әлеуеті елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықаралық аренадағы беделін нығайтудың негізгі факторына айналып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Президент ғылым мен білімге инвестиция салған мемлекеттер әлемде алдыңғы қатардан көрінетінін айтты.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жылуэнергетика және физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мадина Құмарғазина да бар. Ол Scopus халықаралық базасында жарияланған ғылыми еңбектердің авторы, сондай-ақ Қазақстанның 10-нан астам және бір Еуразиялық патенттің тең авторы. Оның зерттеулері энергия тиімділігі технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Физика-техникалық институтының ғылыми қызметкері, Электрохимия және ванадийлі ағынды батареялар зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Өмірзақов та Алматыдан баспаналы болды.

Арман Өмірзақов
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ол – халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, сондай-ақ Қазақстанның 8 патентінің тең авторы.

«Ақордада мен Президенттің қолынан өтеусіз негізде берілген пәтердің сертификатын алдым. Ал бүгін Алматы қаласында сол пәтерге қоныс аударып отырмын. Мемлекет ғылымды дамытуға және гранттық жобаларды қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр, бұл ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдарға алдағы жұмысқа және кәсіби өсуге қуатты серпін береді», – дейді ғалым.

Арман Өмірзақовтың зерттеулері энергетика саласындағы перспективалы бағыттарды, соның ішінде отын элементтері, микробатареялар және фотокаталитикалық материалдарды қамтиды.

Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлеуметтану орталығының жетекшісі, аға ғылыми қызметкері, PhD Шырын Тіленшиева мемлекеттік қолдау ғылыми қызметке жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Шырын Мұратқызының ғылыми еңбек өтілі 13 жыл, ол Scopus және Web of Science базаларына енген жарияланымдарды қоса алғанда 9 ғылыми мақаланың авторы, оқу құралының тең авторы және авторлық құқық иегері.

Шырын Тілиншиева
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгінде Алматы қаласында баспана алған жас ғалымдар толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған қолайлы жағдайлардың ғылыми және кәсіби қызметке алаңсыз көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазіргі таңда 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылды. Бұдан бөлек, олар үшін арнайы гранттар қарастырылған, сондай-ақ біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Полиция

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

Әділет

7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр

Ұлттық банк