USD
USD
USD

«Жас Алаштың» жаңа бас редакторы – Ерік Рахым

Жүз жылдан астам тарихы бар ең байырғы және ең беделді басылымдардың бірі, республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы ауысты. Бұл туралы «Жас Алаштың» редакторы Алмас Нүсіп хабарлап, өзінің редакторлықтан кеткенін мәлімдеді. 

Ерік Рахым
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы лауазымына белгілі журналист, медиаменеджер Ерік Рахым  тағайындалды.

«Үш жылға жуық (2 жыл 8 ай) уақыт «Жас Алаштағы» директор – бас редакторлық қызметім бүгінмен тәмам. «Жас Алаштың» ендігі бас редакторы – өздеріңіз жақсы танитын журналист Ерік Рахым. Газеттің байырғы қызметкері, шын жанкүйері ғой, редакцияны жарқырата түсетініне күмәнім жоқ», – деп жазды Алмас Нүсіп Facebook парақшасында. 

Ерік Рахым – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Ол 2002-2003 жылдары халықаралық «Түркістан» газетінде тілші болды. 2003-2015 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

2015-2019 жылдары «ТұранТВ» телеарнасында редактор, Bairaq.kz, Oinet.kz сайттарының бас редакторы ретінде танылды. Ал 2019 жылдың қарашасынан 2025 жылдың қарашасына дейін Nege.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы лауазымын абыроймен атқарды.

Тарихы бай «Жас Алаш» газетіне басшы болып барған әріптесімізге NEGE порталының редакциясы атынан сәттілік тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

.

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім