USD
USD
USD

Жарты жылда діни білімі жоқ 5 мың молда мен 1,5 мың балгер ұсталды

Осы жылдың мамыр айынан бастап барлығы 7,5 мың адам ұсталды.

балгер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Республика президентінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осы науқан аясында 2024 жылдың мамыр айынан бастап барлығы 7,5 мың адам ұсталды. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда мен 1,5 мың балгер бар. Барлық ұсталғандар арнайы есепке қойылған.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті діни қайраткерлермен кездесуде елде оккульттік практикалардың таралуы туралы айтып, оларға қарсы күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс «елді ырымшылдыққа жетелейді».

Сәуір айында Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі өзін емші, балгер, сиқыршы және тұмар жасаушы ретінде танытып, адамдарды алдағандарға алты айға дейін мәжбүрлі еңбек түріндегі жазаны көздейтін заңға өзгерістер енгізілетінін жариялады. Сондай-ақ балгерлер мен сиқыршылардың қызметін пайдаланатын азаматтардың арнайы тізімі жасалатыны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер