USD
USD
USD

Жарнама мәтіндерінде заң талаптары сақталуы керек

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы және Еңбекші ауданы Қарабастау, Абдулабад тұрғын алаптарындағы көше бойында орналасқан жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жарнама мәтіндерінде заң талаптары сақталуы керек
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Түсіндіру жұмыстарына Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Қаратау, Еңбекші аудандарының әкімдіктері және тіл жанашырлары қатысты. Рейдтік тексеру барысында кәсіпкерлік нысандардағы бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында Тіл туралы заңның сақталмауы анықталып, түзету туралы ескерту берілді.

Айта кетейік «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес кез-келген көрнекi ақпараттың мәтiндерi ең алдымен бірінші қатарда мемлекеттiк тiлде жазылады. Орыс тiлiнде, қажеттiгiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.

Аталған көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.

Аталған заңнама талаптарын шаһардағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғаса береді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек