USD
USD
USD

Жәрмеңкелерде қант қолжетімді бағада сатылуда – Алматы қаласы әкімдігі

23-24 шілдеде жәрмеңкелерде қантты көлеміне қарай келісіне 500 теңге мен 530 теңге аралығында сатып алуға болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңкелерде қант қолжетімді бағада сатылуда – Алматы қаласы әкімдігі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Алматыда демалыс күндеріндегі жәрмеңкелер мен әлеуметтік дүкендерге қанттың қосымша жеткізілуі қамтамасыз етілді. Жобаны қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мен "Алматы" ӘКК" АҚ бірлесіп жүзеге асырып отыр. Қантты көтерме бағада жеткізушілермен келісім-шарт жасасудың арқасында осындай мүмкіндікке қол жетті. Акция алдағы демалыс күндері де жалғасады",- деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Шаһар басшылығы, сондай-ақ, "Алматы" ӘКК" АҚ-мен бірлесіп дүкендерге арналған көтерме қойма ашылғанын жеткізді. Мұнда дүкендер қантты көтерме бағамен ала алады. Әлеуметтік дүкендер қант бағасына тек 15% үстеме баға қосуға міндеттеледі.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт