USD
USD
USD

Жаркентте ойын клубының ақшасын тонағандар ұсталды

Алматы облысының Жаркент қаласында ойын клубының ақшасын тонап кеткендер ұсталды.

Жаркентте ойын клубының ақшасын тонағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының полицейлері ойын клубынан миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған қарулы қарақшыларды жедел түрде анықтап, ұстады.

«Биылғы жылдың 15 қарашасында сағат 04:00 шамасында Панфилов ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Жаркент қаласындағы ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қарақшылар бір миллионнан астам теңгені иемденіп кеткен. Арызданушылар қылмыскерлердің тапаншамен қаруланғанын және қорқыту мақсатында жоғарыға қарата бір рет оқ атқандарын жеткізген.Аталған факт ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4-тармақтары бойынша СДТБТ-де тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ақпаратты растады.Тексеру барысында қылмыс орнынан диаметрі 9 мм болатын атыс гильзасы табылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жаркент қаласының тұрғындары болып табылатын үш күдіктіні Алматы қаласының әртүрлі жерлерінен (қонақ үйден, жалдамалы пәтерден және көшеден) анықтап, ұстады»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ұстау кезінде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынды.

«Барлық ұсталған азаматтар дәлелдермен әшкереленіп, қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады.Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераларға түсіп қалған. Барлық үш фигурант ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды.ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Алматы облысы ПД ТБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Самал Арғынғазынова.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

Шәкіртақы

Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев

Қыз алып қашу

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Коллаж

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев