USD
USD
USD

Жаркентте кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаркентте кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.

"Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны.

Олар ақша алып тұрған кезде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес "Қорқытып алу" жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе