USD
USD
USD

Жаркентте балабақша тәрбиешісі балаларды тұншықтырып, жазықсыз ұрған

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы Жаскент балабақшасындақаласында тәрбиешілер балаларды қылқындырып, жазықсыз ұрған.

Балабақша
Фото: видео кадрдан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде аталмыш жағдайдың видеосы тарады. Тәрбиешінің балаларды ұрғанын бүлдіршіндердің ата-аналары анықтаған.

2024 жылдың 14 мамыр күні кешкі уақытта «Жаскент бөбекжай-бақшасы» ЖШС «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Мұхаметқали Аяулым Әділетқызының анасы Г.Шаймерденова қызының аяғындағы сырылған жарақатты көреді. «Жаскент бөбекжай-бақшасы» ЖШС-дағы бейнебақылау камераларынан тәрбиешінің қызына дене жарақатын салған іс-әрекетін анықтайды. 

Ата-аналар бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдарына хабарласты. 

Осыған қатысты Жетісу облыстық полициясы жауап берді.

«Бұл дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған іс облыстық полиция департаментінің бақылауында», - делінген хабарламада.

Балабақшада небәрі 5 ай жұмыс істеген күдікті бұған дейін тәрбиешінің көмекшісі болған. Дау тудырған жағдайдан кейін балабақша әдіскері, тәрбиешінің көмекшісі және күдіктінің өзі жұмыстан қуылды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі