USD
USD
USD

Жаркент әкімі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды.

Жаркент әкімі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады.

"Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 70-ө өкімімен Б.Ш. Омаров бұзушылықтар үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылғаны анықталды", - деп хабарлады ҚР МҚІА баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Жаркент әкімінің жүргізушілермен кездесуі Желі қолданушыларын ашуландырған еді. Оқиға 22 сәуірде болған.

Кейін Болат Омаровтың 24.kz журналисіне берген сұхбаты жарияланды. "Әкімдер" бағдарламасының тілшісі Асхат Ниязов шенеунікке сағаты жақсы екенін айтады. Оған әкім ашуланып "Қайдан білесің жақсы екенін, қарап көр" деп шешіп береді. Тілші сағаттан "Giorgio Armani" деген жазуды оқиды. Омаров тілшіден жұмысқа қатысты сұрақ қоюын сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар