USD
USD
USD

«Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды

Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды.

ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді.

Облыс әкімдігінің дерегіне сәйкес, өңірде республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылуда. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар жол пайдалануға берілді. Жуырда «Талдықорған – Үшарал» автожолын қайта жаңарту аяқталады, ондағы жұмыстар 98%-ға орындалды, нысанды толық аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер