USD
USD
USD

Жарылыстан кейін кешенді тонап кетті...

Жамбыл облысындағы жарылыс болған әскери бөлімге жақын орналасқан демалыс кешенін мародерлер тонап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жарылыстан кейін кешенді тонап кетті...
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE. «Тау Дос» деп аталатын кешеннің иесі Жанна Назарбекованың айтуынша, ғимарат жарылыстан қатта зардап шеккен. Өйткені жарылыс болған әскери бөлімнен бар-жоғы 500 метр қашықтықта орналасқан екен.

«Біздің кешен Батыс Қытай – Батыс Еуропа күре жолының бойында орналасқан. Әскери бөлім бізден 500 метр жерде тұр. Өткен жылы мұнда Арыстан оқ-дәрі тасыған. «Неге бұл жерге тасып жатырсыңдар? Бізді де жарылсын дейсіңдер ме?!» деп ескеркенбіз», – дейді Ж.Назарбекова.

Кешен қызметкерлерінің айтуынша, алдымен әскери бөлімнен өрт шыққан. Артынша жойқын жарылыстар басталған. Қызметкерлер айдалаға қашып үлгерген.

Кешен иесі ғимараттың іші-сыртынан сау-тамтық қалмағанын айтады. Дәл осы сәтті мародерлар пайдаланған.

«Ұрлық түнде басталған. Түнімен барды, тоңазытқыштарды тонаған. Ақша да ұрланды. Дүкен мен кафенің күндізгі табысы – шамамен 1 млн теңге қолды болды. Қызметкерлердің жеке заттары – телефондары басқа да дүниелері ұрланды. Жиһаздың бәрі сыртта жатыр», – дейді Ж.Назарбекова.

Кешен иесі полицияға арыз жазды. Ол жуырда ғана банктен несие алғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев