USD
USD
USD

Жарылыстан 8 адам қаза тапты

Кабул қаласындағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.

Жарылыстан 8 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз хатшысы Халид Задран әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Халид Задранның айтуынша, жарылыс Кабулдың алтыншы полиция ауданында орын алған. Жарылғыш құрылғы қол арбасына орнатылған.

Шабуылдың нысанасы — өтіп бара жатқан бейбіт адамдар. Сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.

Соңғы уақытта Ауғанстанда мектептер, мешіттер және автобустарда бірнеше жарылыс болып, қаза тапқандар мен жараланғандар саны көбейген. Бұл қылмыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өз мойнына алды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көретті?

Сынып

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова