USD
USD
USD

Жарылыстан 28 адам қаза тапқан

Бағдад қаласының орталығында қатарынан екі жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарылыстан 28 адам қаза тапқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ирак әскері өкілінің мәлімдеуінше, қауіпсіздік қызметі ізіне түскен екі содыр Таяран алаңында орналасқан базарда өзін өзі жарып жіберген. Әл-Арабия телеарнасының хабарламасына сай, бұл лаңкестік шабуылдан соңғы ақпарат бойынша 28 адам қаза тауып, тағы жетпістен астамы жараланды. Әзірге бұл жарылыс үшін ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Қазір ел әскері Бағдадтың жасыл аймағына баратын барлық жолды бөгеп тастады. Қала орталығындағы бұл аймақта мемлекеттік мекемелер мен елшіліктер орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары