USD
USD
USD

Жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты астанадағы сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Елордада сауда және ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген ер адамға іздеу салынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты астанадағы сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «29 наурызда сағат 13:39-да «102» арнасына «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығының жұмыс нөмірінде белгiсiз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл қызмет шықты. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, ғимараттан 350 адам эвакуацияланды.

«Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауаптылықты көздейді», - дейді ведомстводан.

Сондай-ақ, ресми хабарламада жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау шарасы жүріп жатқаны айтылған.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері