USD
USD
USD

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген Лисаков тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 15 шілде кешкі уақытта Астана қаласы бойынша ҰҚКД сенім телефонына дабыл қоңырауы түсті.

Белгісіз адам Лисаков қаласының балалар мектеп-интернатында жарылғыш зат қоюға ниетті екенін хабарлады. Шұғыл түрде мектеп ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізілді. Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ.

Қостанай ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын тез арада анықтады. Ол бұрын сотталған 48 жастағы Лисаков тұрғыны болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаскүнем құрықталды. Ұстау барысында ол мас күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі