USD
USD
USD

Жарық пен жылусыз қалды: Жаңатаста төтенше жағдай енгізілді

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала жарық пен жылусыз қалды.

Жарық пен жылусыз қалды: Жаңатаста төтенше жағдай енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңатас қаласы мен Сарысу ауданында екпіні 30 м/с болатын қатты жел соққан. 

"“ЖаңатасСуЖылу" МКК жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының жұмысы үшін жеткіліксіз болып тұр. Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлады. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей тұр. Бағаналардың құлауына байланысты "ЖЭС" АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмай жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, тұрғындар ыстық тамақпен қамтылып жатыр. 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.