Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Жар іздеймін»: полицейлер Threads-ті қолданғанда сақ болуға шақырды

Әлеуметтік желілердегі, әсіресе Threads-тегі «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның ескертуінше, алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, белсенді түрде хат алмасып, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.

Эмоциялық тәуелділік қалыптастырғаннан кейін алаяқтар қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындарды сылтауратып, ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға жіберуді сұрайды. Қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттайды.

«Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн», – дейді полицейлер.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас мынандай кеңес беріледі:

  • интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;
  • жеке фотосуреттерді жібермеу;
  • күмәнді сілтемелерге кірмеу; сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;
  • күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтату.

Ішкі істер министрлігі онлайн танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда