10 Желтоқсан 11:50
...

Жапсыр да жүре бер! RFID жапсырмамен ақылы жолда тоқтамай жүре беруге болады

Фото:

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы ақылы жолдар үшін RFID-технологияларын енгізді. Бұл жақсы технологиялық жаңалық.

Автокөліктің алдыңғы әйнегіндегі RFID-жапсырманың сәйкестендіру коды анықталғаннан кейін, жүйе көлік туралы ақпаратты алып, ақылы учаскелердегі төлем қабылдау пункттерінен кедергісіз өткізеді. Бұл нөмірді дұрыс анықтау, жүріп өткен жол бойынша қаражатты дұрыс есептеуге арналған шаралардың бірі. 

RFID белгілерді төлем қабылдау пунктінде орнатылады. Белгіні көлікке орнату және жүйеде тіркеу үшін 5 минуттай уақыт қажет. Белгіні алу және орнату үшін төлемақы алынбайды. 

Қазіргі таңда аталмыш белгілер Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі төлем қабылдау пункттерінде орнатылуда. Жақын уақытта Алматы-Қорғас учаскесінде де енгізіледі деп жоспарланған. 

Фото: QazAvtoJol

Жаңа белгілер енгізілгенімен, жеке шотты толықтыру әдісі өзгермейді. Жеке шот мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша толықтырылады. 

2024 жылға дейін еліміздегі 11 мың шақырым автотрасса ақылы режимге өтетін болады. Есесіне трассалар күнделікті қамқорлыққа алынбақ. Мұндай жүйе дамыған елдердің бәрінде бар.

Тегтер: