USD
USD
USD

Жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Көкшетауда жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE.  Көкшетауда ойын-сауық орнының маңында жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» нөміріне Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орнының маңында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы мен тергеу-жедел тобы жіберілді.

«Полицейлер анықтағандай, 19-23 жастағы жастар ойын-сауық мекемесінде отырған. Кейін қаскүнемдердің бірі мас болып, басқа жастар отырған үстелге барып, ұрыс шығарған», - деп түсіндірді ведомстводан.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде төбелеске қатысқандар оқиға орнында ұсталды. Барлығы 4 адам, соның ішінде бас күдікті - бұрын бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылған 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны да ұсталды.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков