USD
USD
USD

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған топтың басшылары ұсталды

Бірқатар қылмыстық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған топтың басшылары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде ұсталғандардан мынадай қару-жарақ түрлері алынды: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.

Барлық ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент