USD
USD
USD

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген мемлекеттік нысандар 20 ақпанға дейін жөнделеді

  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген мемлекеттік нысандарды 20 ақпанға дейін жөндеуді жоспарлап отыр.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген мемлекеттік нысандар 20 ақпанға дейін жөнделеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік комиссия бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзім белгілендіИндустрия министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әкімдіктердің жедел деректеріне сүйенсек, республикада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан мен шағын және орта бизнестің 151 объектісі зардап шекті.

«Әкімдіктер бүлінген нысандардың нақты санын күн сайын жаңартып отырады», – деді ол үкімет отырысында.

Мемлекеттік комиссия бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзім белгіленді.

«Барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі комиссия құрылды. Бүгінгі таңда ақаулы актілер жасалып, техникалық тексеріс жүргізілуде. Кейін жедел тәртіпте күрделі жөндеу және қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді», – деді министр.

Бұған қоса, ол барлық өңірде қалалық автобус, теміржол вокзалы мен жолаушылар, жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілгенін атап өтті. Республикалық маңызы бар автожолдар ашық. Елдегі 20 әуежайдың 18-і штаттық режимде жұмыс істейді.

Алматы мен Талдықорған әуежайларының қызметі ғана тоқтатылды. Бұл ретте Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға дайын. Құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет, деді Өскенбаев.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан