USD
USD
USD

Жапонияға кіруге тыйым салынды

Жапония билігі коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kyodo сайты.

Жапонияға кіруге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шектеу шаралары биылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіні енеді және 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін созылады.

Kyodo-ның жазуынша, сенбі күні Жапонияда коронавирустың жаңа, анағұрлым қауіпті штаммы екі адамнан анықталды.

Коронавирустың мұндай түрі алғаш рет Ұлыбританияда тіркелген болатын.

Сенбіде Жапонияда коронавирустың 3881 жағдайы тіркелді. 47 адам көз жұмды.

Жалпы ел бойынша пандемия басталғалы жұқпалы індет 219 070 адамнан анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт