Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жапонияда жүргізушісіз қозғалатын жүрдек пойыз сынақтан өтті

Жапонияның JR East теміржол компаниясының қызметкерлері алғаш рет өздігінен басқарылатын жүйесі бар «синкансэн» экспресін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Жапонияда жүргізушісіз қозғалатын жүрдек пойыз сынақтан өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәрсенбі күні таңертең жүргізілген сынақ кезінде 12 вагоны бар шапшаң жүретін пойыз жүргізушісі автоматты режимге өткізген соң, қолмен қандай да бір араласусыз жұмыс істеді. Е7 сериясындағы пойыз диспетчерлік пунктен қашықтықтан басқарылған.

Бұл – Жапонияда өте шапшаң жүретін пойыздың автономдық жұмысының алғашқы сынағы. Түпкі мақсаты машинистсіз жүретін пойыз болғанымен, сәрсенбіде өткізілген сынақ кезінде қандай да бір төтенше жағдайға әзір болу үшін оның ішінде бірнеше жүргізуші мен қызметкер болған.

Ниигата стансасынан 5 шақырымға жуық жолдан өтіп, берілген максималды жылдамдық – сағатына 110 шақырымға жеткен пойыз синкансэн Ниигата вокзалында тоқтады.

JR East ресми өкілі автономды пойыздың тоқтау әдісі машинист жұмысына «тең келетінін» айтып, компания оны әлі де жетілдіру жұмыстарын жүргізетінін қосып өтті.

Жапонияда темір жолда автоматты басқару жүйелері жердегі және өткелдері жоқ кейбір монорельсті жолдарда енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі