USD
USD
USD

Жапонияда Олимпиада ұйымдастырушылары арасынан 15 адам коронавирус жұқтырды

Токиода жазғы Олимпиада ойындарына байланысты адамдар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың кемінде 15 жаңа жағдайы тіркелді.

Жапонияда Олимпиада ұйымдастырушылары арасынан 15 адам коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы сенбіде Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мәлім етті. Оның арасында Олимпиада нысандарында жұмыс істеп жүрген жеті қызметкер, екі журналист және жарысты ұйымдастырушы алты адам бар. Соңғылардың бірі – Токиодағы олимпиада қалашығы аумағында вирусты алғашқы жұқтырған адам. Ол шетелдік құраманың мүшесі болғаны белгілі, бірақ спортшы емес. Қазіргі уақытта Жапонияға келген спортшылардан және бірнеше елден келген команда мүшелерінен коронавирус анықталды. Ол Израиль, Уганда және Сербияның атлеттерінен, сондай-ақ Нигерия мен Ресей құрамаларының қосалқы қызметкерлерінен табылды.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болған. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалды, енді ол 23 шілдеден 8 тамызға дейін өтеді. Ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады, сонымен қатар жергілікті көрермендер Токионы қоса алғанда, алты жапон префектурасында олимпиада шараларына жіберілмейді. Жарыс басталардан алты күн бұрын Токиода жаңа коронавирустың таралуына байланысты жағдай қиындады: Жапония астанасында анықталған жаңа жағдайлардың тәуліктік өсімі мыңнан асады. 12 шілдеден бастап Токиода эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі қайтадан күшіне еніп, 22 тамызға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай