Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жапонияда құрастырылған көліктер Қытай арқылы жеткізілді

Қазақстанға шығыстағы төте жол арқылы алғаш рет жапондық су жаңа «Тойота» және «Лексус» автокөліктері жеткізілді.

Жапонияда құрастырылған көліктер Қытай арқылы жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 вагоннан тұратын коммерциялық жүкті «Еуротранзит» компаниясы «Алтынкөл» теміржол бекетіндегі терминалында қабылдады. Өткен айда ғана Жапониядағы зауытта құрастырылған әйгілі «Тойота» мен «Лексус» автокөліктері елімізге Қытай арқылы жеткізілді. Шойынжолмен қысқа мерзім ішінде әкелінген  көліктерді  «Еуротранзит» компаниясының шекарадағы көлік-логистикалық орталығы  қабылдап алды. Бұл жердегі инфрақұрылым алдын-ала дайындалғандықтан, барлық процесстер жылдам әрі халықаралық талаптарға сай атқарылды.   

«Toyota Motor Kazakhstan» ЖШС Бас менеджері Сергей Зяблов: "Осыған дейін жапондық  жаңа көліктер кемеге тиеліп, мұхитпен  Суэц  каналы арқылы Түркияға баратын.  Одан кейін Қара теңізбен Ресейге түсіріліп, жүк көліктеріне немесе поездарға қайта  тиеліп Қазақстанға жеткізілетін. Соның барлығына 80 күн кететін еді. Әрине өте ұзақ уақыт. Ал осы Қытай теміржолы маршрутымен  тасымалдау 35-40 күнге қысқарды. Қазір 220 көлік келді" деді.

  Әлемдік автоконцернмен серіктес болу компания үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілік екені даусыз. Компанияның «Алтынкөл» бекетіндегі терминалы заманауи құралдармен жабдықталған. Өткізу мүмкіндігі кеңейтіліп, бір күнде Қытайдан келетін тауарлы жүк поездарының саны екі есеге артты.  

 ХІХ ғасырда Ұлы жібек жолының сауда керуені осылай жаңғыруда. Сапа, жылдамдық және уақытқа негізделген нарық талабы осындай. Енді бұл бағытпен жыл соңына дейін 2 мыңнан аса темір тұлпар жеткізілмекші.

Қазір оқып жатыр

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Каспий

Атырау облысында 190 мың тұтынушы «ақылды» есептегіштерге көшіріледі

Атырау облысы