USD
USD
USD

Жапонияда коронавирус жұқтыру жағдайы рекордтық көрсеткішке жетті

 Жапонияда коронавирус жұқтыру оқиғалары бүгін алғаш рет 1000-нан асты. COVID-19 жұқтырғандар Токионың сыртында көп тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Kyodo агенттігі. 

Жапонияда коронавирус жұқтыру жағдайы рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа жұқтыру оқиғаларының рекордтық көрсеткішке жеткеніне тұрғыны көп прекфектуралар, оның ішінде Аити мен Осакада сырқаттанғандар санының артуы себеп болды. Жапонияда 47 префектураның ішінде бұған дейін COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелмеген жалғыз Иватеде бүгін алғашқы инфекцияға шалдыққан адам анықталды. Осака префектурасы үкіметі 221 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. Осака секілді Аитиде де COVID-19 жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді. Екінші күн қатарынан 167 вирус жұқтыру оқиғасы анықталған.

 Токио билігі 250 вирус жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады. Жапония астанасында сырқаттанғандардың жалпы саны 11 861-ге жетті. Оның жартысы осы айда тіркелген. Елдегі коронавирус жұқтырғандар санының үштен бірі Токионың үлесінде, онда инфекцияға шалдыққандар саны 33 900-ден асты, оның 700-ге жуығы ақпанда Иокогама портында карантинге жабылған Diamond Princess круиздік лайнеріне тиесілі. Токио билігі бірнеше апта бұрын ең жоғарғы дабыл дәрежесін енгізген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға