USD
USD
USD

Жапонияда қазақ ұлттық орталығы ашылды

Қазіргі уақытта Жапонияда тұрақты негізде жұмыс істеп жатқан және білім алып жүрген Қазақстан Республикасының 191 азаматы, сондай-ақ Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан келген 70-ке жуық этникалық қазақ тұрады. Енді олар бірлесіп,өз ұйымдарын құрып отыр, деп хабарлайды «Отандастар қоры».

Жапонияда қазақ ұлттық орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапониядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы болып «Juntendo» университетінің клиникасында хирург болып жұмыс істейтін қандас Әбдібек Қалыбек сайланды.

Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ және Жапония қазақтары қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн режимде қол қойды. Меморандум аясында мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлер арасында өзара байланысты жолға қою және ақпараттық қолдау жұмыстары жоспарлануда.

Іс-шараға ҚР Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев және осы елде тұратын этникалық қазақтар, оқып жатқан студенттер де қатысты. 

«Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов өз сөзінде шетелдегі отандастармен байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, олардың тілдік және этномәдени бірегейлігін сақтауға ықпал ететін Қоғам бағдарламалары туралы хабардар етті.

Тараптар қазақ тілін оқыту бойынша қысқа мерзімді курстарды жүзеге асыруға, Қазақстанның жоғары оқу орындарында қазақ балаларының білім алуына жан-жақты қолдау көрсетуге, қазақ қолөнерін дамыту және ілгерілету бағытында қолдауды қамтамасыз етуге, Жапония және Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесулер, семинарлар, конференциялар және бизнес-форумдар ұйымдастыруға көмек көрсетуге келісті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қуанышбек Серікжанов