USD
USD
USD

Жапонияда жер сілкінісі салдарынан тұрғындар жарық пен сусыз қалды

Исикава префектурасында 66 мың үй жарықсыз, 23,9 мыңнан астам үй сусыз қалды.

Жер
Фото: Kyodo (Rewters)

Алматы, NEGE. Жапонияның Исикава префектурасында жер сілкінісі салдарынан 2318 адам байланыстан шеттетілді, деп хабарлады РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Префектурадағы бірқатар ірі жер сілкіністерінің салдарынан жолдар қирап, көпірлер бүлінді, көшкіндер жолдардың бір бөлігін шайып тастады. Ұялы және телефон байланысы жұмыс істемейді. Жер сілкінісінің зардаптары қандай болғаны әлі белгісіз. Өйткені бірқатар аудандарға жету қиындап кеткен.

Ондай елді мекендерге тікұшақпен немесе жаяу ғана жетуге болады. Жер сілкінісінің эпицентрінде қалған Ното түбегінің географиялық орналасуы жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Жолдардың бұзылуы жүктерді жеткізу және үйінділерді бөлшектеу ауыр техниканың барлық түріне кедергі келтіріп тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова