USD
USD
USD

Жапонияда әйелдердің әскердегі барлық қызмет түріне тыйымдар алынып тасталды

1 тамыздан

бастап Жапония Қорғаныс министрлігі әйелдерге ядролық, биологиялық және химиялық қарудан қорғану бөлімшелерінде қызмет етуге рұқсат берді, деп хабарлайды Kyodo.

Жапония
Фото: Kyodo

АЛМАТЫ, NEGE. Әйел әскери қызметшілерге қатысты соңғы шектеу де алынып тасталды. Аталған бөлімшелер радиоактивті, биологиялық және химиялық заттармен ластанған аумақтарды барлау және дезактивациялау сияқты күрделі міндеттер атқарады. Бұрын мұндай жұмыстардың бедеулік қаупіне байланысты әйелдерге тыйым салынған болатын. Алайда технологиялық жетістіктердің арқасында қауіп деңгейі төмендеп, арнайы көліктер мен қорғаныс жабдықтары арқылы әйелдердің қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік туған.

2011 жылы «Фукусима-1» АЭС-індегі апаттан кейін дезактивация жұмыстары кезінде кадр тапшылығы бұл мәселені өзекті еткен еді.

Жапония гендерлік теңдікті қолдау мақсатында шектеулерді біртіндеп алып тастауда. 1993 жылдан бастап әйелдерге ауыр физикалық міндеттерді атқаруға рұқсат берілсе, 2015 жылы олар истребительдер мен барлау ұшақтарын басқаруға мүмкіндік алды. 2017 жылы әйелдерге броньды техникада қызмет етуге рұқсат берілсе, 2018 жылы Әскери-теңіз күштері оларды сүңгуір қайық экипаждарына қабылдай бастады.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли