USD
USD
USD

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Жапонияның ең қарт тұрғыны және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Киодо" агенттігі хабарлады.

адам
Фото: ТАСС

Алматы, NEGE. Агенттіктің хабарлауынша, Итоока 29 желтоқсанда табиғи себептерден қайтыс болған. Ол әлемдегі ең қарт адам атағын 2023 жылдың желтоқсанында Жапонияның тұрғыны 116 жастағы Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін алды.

Ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде ең қарт адам мәртебесін берді. Қазір әлемдегі ең қарт адам 116 жастағы Бразилия тұрғыны Ина Канабарро Лукас.

Еске сала кетейік, Аcия қаласының тұрғыны болған Томико Итока әжей осы жылдың тамыз айында әлемдегі ең қарт адам атанғанын Гиннестің рекордтар кітабының сайты хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі