USD
USD
USD

Жапония: Вирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты

Жұма күні Жапонияда коронавирус инфекциясына шалдығудың расталған жағдайларының саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Жапония: Вирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Бұған Жапонияның көптеген префектуралары соңғы күндері вирусқа шалдығудың расталған оқиғалардың рекордтық көрсеткіштері тіркелгені себеп болды. Жұма күні Токионың елордалық үкіметі коронавирусқа шалдығудың күнсайынғы 4515 оқиғасын растады.

Бұл ел астанасында тіркелген екінші көрсеткіш, себебі бір күн бұрын, яғни бейсенбіде рекордтық 5042 жағдай туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ Осака префектурасы рекордтық 1310 оқиға туралы мәлімдеді.

Премьер-министр Ёсихиде Суга енді Паралимпиада ойындарын көрермендермен өткізу мәселесін оның ұйымдастырушылары және үкіметтердің бесжақты кездесуінен кейін қарастырылатынын мәлімдеді.

Орталық үкімет, Токио үкіметі, ұйымдастыру комитеті, Халықаралық олимпиада комитеті және Халықаралық паралимпиада комитеті жексенбі күні, Олимпиада ойындары аяқталған соң кездеседі. Паралимпиада ойындары 24 тамызда басталуы тиіс.


 

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы