USD
USD
USD

Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

Жапония үкіметі сейсенбі күні қытайлық жаңа коронавирусты жұқтырған тағы екі адамның анықталғанын мәлімдеді. Оның бірі – Ухан қаласына ешқашан бармаған туристік автобустың жүргізушісі, деп хабарлайды Kyodo агенттігі. 

Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапония денсаулық сақтау министрі Катсунобу Катоның айтуынша, айдың басында 60 жастағы туристік автобус жүргізушісі Уханнан келген бір топ туристерді алып жүрген. Батыс Жапонияның Нара прекфектурасында тұратын жүргізушіге сенбі күні пневмония деген диагноз қойылып, емханаға жатқызылды.

Екінші азамат – 40 жастағы Ухан тұрғыны. Ол 20 қаңтарда Жапонияға келген. Ол да өкпе ауруына шалдыққан. Осылайша, Жапонияда инфекция жұқтырғандар саны алты адамға жетті, оның біреуі Ухан қаласына бармаған. Министрлік екі жаңа науқаспен байланыста болған адамдардың денсаулығын тексеріп жатқанын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот