USD
USD
USD

Жапония төтенше жағдай режимін алып тастады

Жапония үкіметі сейсенбі күні Токио мен өзге де 18 префектураны қамтыған COVID-19-ға байланысты жарияланған төтенше жағдайды, сондай-ақ басқа аймақтардағы квази-төтенше жағдайды жою туралы ресми шешім қабылдады, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Жапония төтенше жағдай режимін алып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары мен ауыр белгілері бар пациенттердің саны күрт төмендеді», - деді Шуга Өкілдер палатасындағы комитет отырысында.

Үкімет шектеулерді біртіндеп жеңілдетуді жоспарлап отыр, әр префектураның губернаторы қандай вирусқа қарсы шараларды сақтау керектігін және қайсысын жою керектігін өздері шешеді.

20 тамызда бүкіл ел бойынша 25 876 жағдай анықталып, ұлттық рекорд орнатылғаннан бері Жапонияда инфекция жұқтырушылар саны азайып келеді.

Дүйсенбіде барлығы 1147 жағдай расталды, Токиода ауруға шалдыққандар саны наурыздан бастап алғаш рет 200-ден төмендеді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі