USD
USD
USD

Жапония премьер-министрі сөз сөйлеген аймақта жойқын жарылыс болды

Жапонияда Вакаямадағы Сайгасаки балық аулау портында премьер-министр Фумио Кишида сөз сөйлеген жердің маңында қатты жарылыс болды деп хабарлады NHK порталы.

Жапония премьер-министрі сөз сөйлеген аймақта жойқын жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет басшысы оқиға орнынан шұғыл эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ. 

Asahi телеарнасының хабарлауынша, құқық қорғау органдары оқиға орнынан күдікті ер адамды тұтқындаған. Оқиға куәгерлері жақын жердегі күріш алқабына цилиндр түріндегі күміс заттың лақтырылғанын содан кейін жарылыс болып, кейіннен түтін шыққанын айтады.

Бұл кезде Кишида сөзін аяқтаған. Оқиғадан кейін оны көлікпен алып кетті.

Кейінірек БАҚ Кисиданың сонда да 15 сәуірде түстен кейін төтенше жағдай орын алған Вакаямада тағы да сөз сөйлеуге шығатынын хабарлады.

Бұған дейін осындай жағдай 2022 жылдың 8 шілдесінде Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласында Либералдық-демократиялық партияны қолдап сөз сөйлеген кезінде болған еді. Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бұрынғы теңізшісі, 42 жастағы Тецуя Ямагамиге екі рет оқ атып, Абэ кеуде мен мойыннан ауыр жарақат алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе