USD
USD
USD

Жапония коронавирусқа СПИД препаратын пайдаланбақ

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі  коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге СПИД-ке арналған  препараттарды пайдаланып көрмек. Қазір клиникалық зерттеулер жүргізуге шешім қабылданған.

Жапония коронавирусқа СПИД препаратын пайдаланбақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін ТАСС агенттігіне сілтемей жасай отырып Day.Az хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, қаңтар айында Синдзюку аймағындағы ірі медициналық орталықтардың бірінде сынақ жасалған. Вирус жұқтырған сырқаттардың жағдайы жақсарған.

Енді Жапония мамандары науқастарға СПИД препаратын жаппай пайдалануға болатын-болмайтынын анықтайтын толыққанды клиникалық зерттеулер жүргізуге ниетті. Содан кейін сарапшылар осы емдеу әдісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалайды.

Еске сала кетейік, қазір Жапонияда коронавирус жұқтырған 259 адам бар.  Олардың көпшілігі – Жапонияның Йокогама портында карантинге қойылған американдық Diamond Princess круиздік кемесінің жолаушылары мен экипаждары.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.