USD
USD
USD

Жапония Қырғызстанға медицина заттарын сатып алуға 4,6 млн доллар береді

Жапония Қырғызстанға 4,6 млн доллар қайтарымсыз көмек береді. 14 шілдеде Бішкекте Жапонияның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Маэда Сигэки мен қырғыздың қаржы министрі Бактыгүл Жээнбаева Жапония үкемітінің қайтарымсыз көмегі туралы келісімге қол қойды.

Жапония Қырғызстанға медицина заттарын сатып алуға 4,6 млн доллар береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапония елшілігінің мәліметінше, 500 млн иен (шамамен 4,6 млн доллар) «Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы» аясында бөлінеді.

Қаражатқа алынатын медицина заттарын қырғыз тарапы таңдаған. Олар елдегі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрген медицина мекемелеріне таратылады.

15 шілдеде Түркияның гуманитарлық жүгі жеткені мәлім болды. Бұл туралы республикалық шұғыл штаб хабарлады.

Жүкте 20 жасанды жолмен тыныс алу аппараты, 50 өттегі концентраторы, 20 мың тест, 20 мың вирусты анықтайтын реагент, 50 мың медициналық маска, 100 мың хирургиялық маска, 35 мың сақтану киімі, 2 мың сақтану қалпағы және 10 мың қорап гидроксихлорохин бар. Биыл ақпанда да Түркия Қырғызстанға гуманитарлық жүк жолдаған.

Қырғызстанда 11977 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 3660 адам емделіп шықса, 160 адам қайтыс болды. Қырғызстанда дәрі тапшы. Арзан препараттар қымбаттап кетті.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу