USD
USD
USD

Жапония астанасында төтенше жағдай режимі енгізілмек

Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония астанасында төтенше жағдай режимі енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп. Бұл туралы ел премьер-министрі, Ёсихидэ Суга хабарлады. Билік өкілдері аймақта шектеу шаралары қатаңдатылатынын айтады. Жаңа шектеулер, ел экономикасына кері әсерін тигізуі де мүмкін. Әсіресе, бұл туризм саласына ауыр соққы болады. Ал, вакцинация ақпан айының соңында басталады. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Жапонияда пандемия басталғалы 245 мың адам вирус жұқтырған. Оның 3400-ге жуығы осы дерттен көз жұмды.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

- Токио мен тағы 3 префектурадағы барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытын кешкі сағат 8-ге дейін қысқарту керек. Аймақта төтенше жағдай режимін енгізген жөн. Мәселен бұл өңірлерде қауіпті инфекция жұқтырғандардың қатары желтоқсанда азайған емес.

Қазір оқып жатыр

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Тоқаев, Путин

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Күдіктілер