USD
USD
USD

Жапония астанасына «Меари» тайфуны соғуы мүмкін

«Меари» тайфуны Жапонияның Токиоға жақын маңдағы Тынық мұхитына жағалауына соғуы ықтимал. Бұл туралы ұлттық метеорологиялық агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапония астанасына «Меари» тайфуны соғуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық метеорологиялық басқарма мәліметтері бойынша, «Меари» тайфуны салдарынан Жапонияның орталық аудандарына 300 мл жауын жаууы мүмкін. Соның салдарынан көшкін жүріп, су тасқыны болуы ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, тайфун Жапония жағалауларына жақындаған сайын жылдамдығы секундына 30 метр болатын күшті жел тұрып, соның салдарынан теңіз толқуы мүмкін.

Тайфун сағатына 15 км жылдамдықпен жылжып келеді, оның эпицентріндегі жылдамдық секундына 25-метрді құрайды.

Жайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты елдің ең ірі жүк тасымалдаушыларының бірі тайфун өтуі ықтимал аймақтан кемінде 10 рейсті тоқтатқан. Сондай-ақ паром жұмысы тоқтатылып, теміржол көліктерінің жұмыс кестесінде өзгеріс болып, кейбірі кідіруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко