USD
USD
USD

Жапония коронавирустың жаңа түрінен қорғануды бастады

Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга коронавирустың жаңа түрінен қорғану шарасы ретінде барлық шетелдіктерге виза беруді тоқтататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Japan Times басылымы.

Жапония  коронавирустың жаңа түрінен қорғануды бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді басқа мемлекеттердің азаматтарына жаңа виза берілмейді. Виза беруге, сондай-ақ елге кіруге уақытша тыйым салу 28 желтоқсаннан бастап күшіне еніп, 2021 жылдың қаңтардың соңына дейін жалғасады.

28 желтоқсанға дейін виза алған резидент емес шетелдік азаматтар Күншығыс еліне кіре алады. Елден тыс жерлерде қысқа мерзімді іссапарға шығуға рұқсаты бар жапондықтар мен шетелдіктер қайтадан екі апталық карантинді сақтауға міндетті болады. Сонымен қатар, олар коронавирустық тесттің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуі қажет.

Сонымен бірге, министр «алдын-алу шаралары өзгеріссіз қалады» деп баса айтып, жапондықтарды «қол жуу және бетперделер кию сияқты ережелерді бұлжытпай орындауға» шақырды. 

Осы жылдың қазан айының басында басқа мемлекеттердің азаматтары үшін Жапонияға кіруге шектеулер жеңілдетілгенін еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия