USD
USD
USD

Жапондықтар тағы бір рекорд жаңартты

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің сейсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, елде 100 жастан асқандар саны рекордтық 86510 адамға жетті, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Жапондықтар тағы бір рекорд жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік таратқан мәлімет бойынша, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде елде ұзақ жасаған адамдар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 6060 адамға көбейген.

Өсім 51-ші жыл қатарынан сақталып келеді. Ұзақ өмір сүруші 86 510 адамның ішінде әйелдер 88,4 пайызды (76 450) құрап отыр.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 475 адамға көп.

1963 жылы Жапонияда ұзақ өмір сүретіндер саны 153 адам болған, 1981 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамнан, ал 1998 жылы – 10 мың адамнан асқан.

Осының барлығы негізінен медицинадық технологиялар саласындағы жетістіктердің арқасы екені атап өтіледі. Шілде айында министрліктен Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 2020 жылы екі жыныс өкілдері үшін рекордтық санға: әйелдер үшін – 87,74 пайыз, ер адамдар үшін – 81,64 пайыз жеткенін мәлімдеді.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Фукуоканың 118 жастағы (1903 жылы дүниеге келген) тұрғыны Кане Танака – елдегі ең кәрі әйел.

Ол Гиннестің рекордтар кітабында жасы ең үлкен адам болып танылған. Ал 111 жастағы Микизо Уэда – Жапонияның ең кәрі ер адам.

Қазір оқып жатыр

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа ерекше сыйлық жасады

Боранбаев

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден астам адам ауруханаға түсті

грип

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.